Orda.kz сайтының бас редакторы үйқамаққа алынды
Бұған дейін Гүлнара Бажкенованың үйі мен Orda редакциясында тінту жүргізілген еді
Orda бас редакторы Гүлнара Бажкенова екі ай мерзімге үйқамаққа алынды.
Бұл шешімді дүйсенбі кешке тергеу сотының судьясы шығарғанын редакция адвокаты Мұрат Адам әлеуметтік желіде хабарлады.
Таңертең полиция Бажкенованың үйінде және Orda редакциясында тінту жүргізді. Кейін бірнеше қызметкер тергеуге жеткізілген.
Полиция Бажкеноваға қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүріп жатқанын растады. Істер «көрінеу жалған ақпарат тарату» туралы арыздардың негізінде қозғалған.
Дүйсенбі күні «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры редакция төңірегіндегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, тінту мен тергеу кезінде қорғаушыларды кіргізбеу туралы ақпаратқа назар аудартты. Қор тергеудің жария әрі әділ жүргізілуін қамтамасыз етуге шақырды.