Алматы метрополитені: 14 жылда 200 миллионнан астам жолаушы
Бүгін Алматы метрополитені ашылғанына 14 жыл толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде метро қала тұрғындары мен қонақтарына жылдам, қауіпсіз және экологиялық таза тасымалдау қызметін көрсететін ең маңызды әрі сенімді қоғамдық көлік түрлерінің біріне айналды.
Желі іске қосылған сәттен бастап метрополитен 200 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады, ал күн сайын жерасты көлігі 120 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді.
Метроның үздіксіз жұмысын 1500-ден астам маман қамтамасыз етеді - машинистер, инженерлер, диспетчерлер, кассирлер, станция кезекшілері, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері және басқа да көптеген кәсіби мамандар.
Алматы метрополитені белсенді дамуын жалғастыруда. Батыс бағытында желіні кеңейту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта «Қалқаман» станциясының құрылысы аяқталуға жақын, сондай-ақ «Барлық» базарына дейінгі тағы үш станцияның жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Метрополитенді дамыту қаланың көлік жүйесін жақсартуға, халықтың мобильдігін арттыруға және жайлы қала ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.