Алматыда ер адам жүгіріп келіп, баланы тепкен
Алматының Алатау ауданындағы «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында жергілікті тұрғындарды ашуландырған оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, балалардың арасында туындаған конфликтіден кейін ересек тұрғындардың бірі жүгіріп келіп, бір баланы теуіп жіберген.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода ер адамның оқиғадан кейін сабырлы түрде кері бұрылып, үйіне қарай кетіп қалғаны көрінеді. Ал алаңда тұрған басқа ересектердің ешқайсысы араша түспеген. Тұрғындар бұл жағдай балалар қауіпсіздігіне немқұрайлы қараудың айқын көрінісі екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.
Айтуларынша, оқиға орнына келген учаскелік полицей жағдайды ер адамға ауыр салдары болмайтындай етіп шешуге тырысқан. Бұл әрекет тұрғындардың наразылығын тудырып, оның жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін деген күмәнге себеп болған.
Алматы ПД-нен ресми түсініктеме күтудеміз.