Министрдің айтуынша, елдегі білім беру бағдарламасына өзгеріс енгізіліп, енді орыс тілі Солтүстік Корея мектептерінде 4-сыныптан бастап міндетті түрде оқытылады. Ол Ресей тарапынан да қызығушылық барын атап өтті: бүгінде Ресейдегі 3 мыңнан астам оқушы корей тілін меңгеріп жүр, олардың басым бөлігі бұл тілді екінші немесе үшінші шет тілі ретінде таңдайды.
Александр Козлов орыс тілінің Солтүстік Кореяда кең сұранысқа ие екенін де атап өтті. Оның айтуынша, елде орыс тілін үйреніп жүргендердің саны шамамен 600 адамды құрайды және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.
Сонымен қатар, келесі жылы Солтүстік Кореяда Ким Чхоль Чжу атындағы Педагогикалық университет базасында орыс тілінде білім беретін ашық оқу орталығы іске қосылмақ.