Шұғыл жаңалық! Қазақстанның халық әртісі қайтыс болды
Қазақстанның халық әртісі, театр және өнер саласының көрнекті өкілі Рихангүл Махпирова 79 жасында өмірден өтті.
Рихангүл Махпирова шығармашылық сапарын 1977 жылы Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында бастаған. Шамамен жарты ғасырлық еңбегі барысында ол қазақ театр өнерінің алтын қорына енген талай әсерлі, көркем әрі есте қаларлық бейнелерді сахнаға алып шықты.
Өнердегі елеулі еңбегі ескеріліп, ол “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі” және “Қазақстанның халық әртісі” атақтарына ие болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасына, жақындарына және бүкіл өнер қауымына қайғыра көңіл айтты.
«Еліміз көрнекті өнер шеберінен айырылды. Рихангүл Махпированың жарқын бейнесі халық жүрегінде мә mãңгі сақталады», – делінген ресми хабарламада.