Жаңалықтар

2 Маусым несімен ерекшеленеді ?

2 Маусым несімен ерекшеленеді ?

Дұрыс тамақтану және артық астан бас тарту күні. Бұл мейрам 2011 жылы 2 маусымда пайда болды. Оны ресейліктер америкалық мереке – диетаны ұмытып, бәрін жеуді насихаттайтын ұлттық күнге қарсы жауап ретінде ойлап тапқан. Ол уақытылы және қажетті идея деп танылып, халықтың қолдауына ие болды. Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының күні. Осыдан 56 жыл бұрын 1955 жылғы маусымның 2-сінде КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының директивасымен «Байқоңыр» ғарыш айлағын ұйымдастыру-штаттық құрылымы бекітілген болатын. 2 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар 1891 жылы ирландиялық Уильям Маккрамның (William McCrum) ұсынысы бойынша футболда пенальти енгізілді; 1924 жылы АҚШ-та барлық үндістер амеикалық азаматтық алды; 1946 жылы Италия референдум қорытындысы бойынша республика болып жарияланды. Әйелдерге дауыс беру құқығы берілді; 1953 жылы Ұлыбритания патшайымы  II Елизаветаға тәж кигізу рәсімі өтті, оқиға алғаш рет теледидардан тікелей эфирде көрсетілді. 2 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 1930 жылы Қазақстан кәсіподақтарының I съезі болды; 1955 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу сынақ полигоны, қазіргі "Байқоңыр" ғарыш айлағының іргетасы қаланды; 1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы" қаулысы қабылданды; 1998 жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясы ашылды; 1998 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның жаңа астанасының тұсаукесері құрметіне орай "Астана" медалі бекітілді; 1999 жылы Астанадағы көшелердің біріне алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді; 2013 жылы Семей археологтары санскриттегі жазбаны тауып, оның мағынасын ашты.