Жаңалықтар

Әскерден тура псих.ауруханаға: Маңғыстаулық жігіттің тағдыры не болмақ?

Маңғыстауда қызмет еткен жас сарбаз психиатриялық ауруханаға жеткізілгеннен кейін әскер қатарынан босатылды.

Ол өзіне қатысты әскерде орын алған болуы мүмкін заңсыз әрекеттер туралы арыз жазғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ақпаратты Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Lada.kz материалына сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға байланысты тексеру әлі де жалғасуда. Әскери қызметке шақырылған жасөспірімнің туыстары оның қызмет барысында психиатриялық стационарға түскенін айтқан болатын.

Ресми ақпаратқа сәйкес, сарбаз психикалық жай-күйіне қатысты шағым түсіргеннен кейін дәрігерлер тексеріс жүргізіп, оның әскери қызметті жалғастыруға жарамсыз екенін анықтаған. Денсаулығына байланысты ол запастағы қызметке шығарылған.

Алайда жас жігіт әскерде өзіне қатысты заңсыз әрекеттер болғанын мәлімдеді. Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті органдар тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қорғаныс күштерінің басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын жеткізді.