Жаңалықтар

Маколей Калкин Кевинді қайта сомдауға дайын — бірақ мүлде басқа образда

45 жастағы актер Маколей Калкин «Үйде жалғыз қалғанда» (Один дома) фильмінің жаңа жалғасын түсіруге қарсы емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Ностальгиялық түн» турындағы кездесуде айтып, өз көзқарасын бөлісті.

Калкин ұсынған нұсқада Кевин МакКалистер — енді ересек, ажырасқан жалғызбасты  әке. Ол өз ұлымен тіл табысуда қиналады. Жаңа сюжетте жағдай керісінше өрбиді: бұрын Кевинді үйде ұмытып кететін болса, енді оның өз баласы әкесін үйден қуып шығып, кезінде Кевиннің өзі қолданған тәсілдермен тұзақтар құрады.

Актердің айтуынша, ересек МакКалистер ұлының сеніміне қайта кіріп, «оның өмірінде өз орнын лайық екенін дәлелдеуге» тырысады.

Желі қолданушылары режиссер Крис Коламбустың оралу мүмкіндігін де қызу талқылап жатыр. Себебі ол бұған дейін культтік франшизаны қайта жаңғырту — қате шешім болғанын айтқан еді.