Жаңалықтар

Австралияда акула шабуылынан бойжеткен қаза тапты

Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Кайлис жағажайының маңында ірі акула екі туристке шабуыл жасады. Нәтижесінде 20 жастағы бойжеткен қаза тауып, 20-дағы жігіт ауыр жарақат алды.

Бұл – биыл Аустралияда тіркелген акуланың 18-шабуылы әрі төртінші адам өлімі.

Жараланған азамат қазіргі таңда ауруханада ем алуда, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Акуланың қандай түр екені әзірге белгісіз, алайда мамандар оның агрессивтілігімен ерекше болатын бұқа акула болуы мүмкін екенін айтады.

Оқиғадан кейін жағажай бойына акулаға қарсы бес тұзақ орнатылды, жағажай мен демалыс аймақтары уақытша жабылды. Қазір жағалау бойы дрондар арқылы бақыланып, акуланы табу жұмыстары жүргізіліп жатыр .