Sportroom

Дастан Сәтпаев – Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы қазақ

«Қайрат» клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Копенгагенге» қарсы ойында гол соғып, Қазақстан футболы тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді.

Алматылық «Қайраттың» жас ойыншысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта көзге түсіп, қазақстандық футбол үшін тарихи нәтижеге қол жеткізді. Оның соққан голы матчтағы маңызды эпизод қана емес, Еуропа аренасындағы ел футболы үшін жаңа белес болды. Осы нәтижемен Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан тұңғыш қазақ футболшысы атанды.

Сонымен қатар, ол турнирдегі ең жас гол соққан футболшылардың алғашқы үштігіне енді. Жаңарған рейтинг келесідей:

Ансу Фати — 17 жас 40 күн (Интер 1:2 Барселона, 10.12.2019)

Ламин Ямаль — 17 жас 68 күн (Монако 2:1 Барселона, 19.09.2024)

Дастан Сәтпаев — 17 жас 106 күн (Копенгаген 3:2 Қайрат, 26.11.2025)

Тартысты матчта «Қайрат» сапындағы тағы бір отандасымыз Олжас Байбек те қақпаға дәл соққы бағыттап, Чемпиондар лигасында гол соққан екінші қазақ футболшысы атанды.

Жас ойыншылардың бұл жетістігі қазақстандық футболдың әлеуеті әлі де жоғары екенін айқын көрсетті.