Жаңалықтар

Маңғыстауда жасөспірім полиция көлігіне қатты жылдамдықпен соғылды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында бейнебақылау камералары патрульдік автокөлік пен Toyota Camry қатысқан жол апатын түсіріп алды.

Оқиға 25 қарашада болған. Жазбада жеңіл көліктің жоғары жылдамдықпен келіп, полицияның қызметтік машинасына соғылғаны анық көрінеді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көліктің рөлінде 17 жастағы жасөспірім болған.

Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда кәмелетке толмағанның ата-анасы оған рөлге отыруға рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.