Аймақтар

Түркістанда этносаралық татулық мәселесі кеңінен талқыланды

Түркістан қаласының әкімдігі мен облыстық прокуратура өкілдері қаладағы қоғамдық тұрақтылық пен этносаралық қатынастардың жай-күйін бағалауға арналған маңызды мәжіліс өткізді.

Мәжілісті қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов жүргізді. Жиынға қалалық прокурор, мәслихат төрағасы, полиция басшылығы және қала активі, әкімдік бөлімдерінің жетекшілері қатысты.

Қалада қазіргі уақытта 242 мыңнан астам тұрғын тұрады. Мәжілісте этносаралық келісімді нығайту бағытындағы шаралар талқыланып, әкімдік пен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысы баяндалды. Мекенхан Қозыханұлы қаланың этнодемографиялық және әлеуметтік жағдайына тоқталып, ұсыныстарын жеткізді.

Қаланың тұрақты әлеуметтік қолдау шаралары аясында жыл сайын 50 отбасы тұрғын үймен, 100 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етіледі, ал 500 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Мұндай бастамалар этносаралық келісім мен әлеуметтік бірліктің нақты көрінісі болып отыр.

Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде бірліктің, өзара сенім мен татулықтың қоғамның берік негізі екенін атап өтті. «Қаламыз – түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысқан ортасы. Біздің міндетіміз – осы татулықты сақтап, келер ұрпаққа бейбітшілік пен бірліктің үлгісін қалдыру», – деді қала басшысы.