Аймақтар

Түркістан жастары есірткіге қарсы флешмоб ұйымдастырды

Түркістанда жастар ресурстық орталығы мен колледж студенттері нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кең ауқымды флешмоб өткізді.

Қала әкімдігі қолдауымен өткізілген шараға Түркістан Болашақ көп салалы жоғарғы колледжінің студенттері белсенді қатысты. Флешмоб барысында жастар тұрғындарға нашақорлықтың зияны туралы ақпарат беріп, арнайы үнпарақтар таратты.

Іс-шараның басты мақсаты — қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру және жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу. Қатысушылар акция арқылы қала жастарының белсенділігін арттырып, тұрғындарды есірткісіз өмір салтын ұстануға шақырды.