Кадрлар

Жарылқасын Пазылбекұлы Машбек Шымкентте жауапты қызметке тағайындалды

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Машбек Жарылқасын Пазылбекұлы тағайындалды.

Жарылқасын Пазылбекұлы 1997 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген.

 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген. Мамандығы — менеджмент және басқару, құқықтану.

Еңбек жолын 2019–2020 жылдары ҚР Сауда және интеграция министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы болып бастаған.

 2021–2023 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сарапшысы қызметін атқарған.

 2023–2024 жылдары ҚР Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің бас сарапшысы.

2024 жылдың 8 қаңтарынан бастап «Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу және жол қозғалысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.