Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кім келетіні белгілі болды
2026 жылы ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметін Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадықов атқарады.
Бұл жөнінде Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сүйенген ТАСС жазды.
Таалатбек Масадықов қазір бас хатшының орынбасары қызметін атқарып жүр.
ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарған.
Өткен аптада ол украиналық "Бітімгер" базасына енгізілгені белгілі болды. Сайтта Тасмағамбетовтің "Ресейдің Украинаға басқыншылығын толық қолдайтыны" жазылған.