Желтоқсанда қазақстандықтарды не күтіп тұр: басты өзгерістер мен жаңалықтар
Жылдың соңғы айы қазақстандықтарға 9 демалыс күнін сыйлайды. Дәстүрлі сенбі-жексенбіден бөлек, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні ресми демалыс болады. Ал 30 және 31 желтоқсан – жұмыс күндері.
Төменде желтоқсан айындағы маңызды жаңалықтар топтамасы.
Автолизинг қолжетімді болады
1 желдеден бастап Қазақстан азаматтары үшін автолизинг қызметі іске қосылады. Бұған дейін лизинг тек компанияларға ғана қолжетімді еді. Енді жеңіл көліктерді лизингке алып, кейін толық сатып алуға немесе қайтаруға болады.
Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында енгізіліп отыр. Мәжіліс депутаты Олжас Құсбековтің айтуынша, автолизинг халыққа ыңғайлы және икемді қаржы құралы болуы тиіс.
Жаңа әуе рейстері ашылады
1 желтоқсаннан бастап Таиландтың жаңа лоукостері Thai Air Asia X Қазақстанда жұмыс істей бастайды. Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына төрт рейс орындалады.
18 желтоқсаннан бастап «Белавиа» Минск – Алматы бағытындағы рейстерін қайта жандандырады. Ұшулар дүйсенбі және бейсенбі күндері Минсктен, ал сейсенбі және жұма күндері Алматыдан жүзеге асады.
Алматы – Ташкент бағытында күнделікті пойыз жүреді
14 желтоқсаннан бастап «Пассажирские перевозки» компаниясы Almaty – Tashkent бағыты бойынша Talgo пойызын күн сайын жүргізеді.
Жол жүру уақыты — 17 сағат 38 минут.
Бағасы:
• орындық — 10 167 тг,
• купе — 20 711 тг,
• люкс — 30 772 тг.
Билеттер bilet.railways.kz сайтында сатылады.
ЕО VTB Bank Kazakhstan банкіне санкция енгізеді
2 желтоқсаннан бастап Еуропалық одақ VTB Bank Kazakhstan-ға санкция салады. Себебі — банктің ресейлік «Мир» төлем жүйесіне карта шығаруы.
Санкция банктің ЕО елдерімен кез келген есеп айырысуына тыйым салады. Бұл — банкке халықаралық төлемдерге қатысу мүмкіндігін айтарлықтай шектейді.
Оқушылардың қысқы демалысы
1–11 сынып оқушыларының қысқы каникулы 29 желтоқсан – 7 қаңтар аралығында өтеді.
8 қаңтарда сабақ қайта басталады.
Қосымша:
• 1-сыныптар — 9–15 ақпан,
• барлық оқушылар — 19–29 наурыз аралығында демалады.
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчы Астанаға ауысты
9 желтоқсанда «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үй матчын гректің «Олимпиакосымен» өткізеді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты матч Алматыда емес, «Астана Аренада» өтеді.
Ойынның басталуы — 20:30.
Елена Рыбакина Үндістанда өнер көрсетеді
Қазақstан теннисшісі Елена Рыбакина 17–20 желтоқсан аралығында Бангалорда өтетін World Tennis Leagueтурниріне қатысады. Жарыста Паула Бадоса, Марта Костюк және Магда Линетт те бақ сынайды.
Bellissimo Pizza Алматыда ашылады
Өзбекстанның Bellissimo Pizza желісі Алматыдағы Papa John’s жұмыс істеген 6 нүктеде өз ресторандарын ашады. Ашылу кезеңі — 2025 жылдың желтоқсан айының соңы.
Әлем жаңалықтары
Кинопремьералар
• 5 желтоқсанда «Пять ночей с Фредди 2» фильмі әлемдік прокатқа шығады. Бірінші бөлімнің табысы — $300 млн.
• 12 желтоқсанда Netflix «Достать ножи: Воскрешение покойника» детективінің премьерасын көрсетеді.
Red Dead Redemption смартфондарға келеді
2 желтоқсанда Red Dead Redemption ойыны iOS және Android жүйелерінде қолжетімді болады. Netflix жазылушыларына ойын тегін беріледі.
Сол күні ойын PS5, Xbox Series X|S және Nintendo Switch 2 платформаларында да шығады — 60 FPS, HDR және жақсартылған графикамен.