weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда UFC турнирін өткізуге рұқсат берілді: бюджет жасалды, арена таңдалды

Келесі жылы Алматы қаласы UFC туы астындағы турнирдің бірін қабылдайтын орынға айналуы мүмкін.

Қазақстанда UFC турнирін өткізуге рұқсат берілді: бюджет жасалды, арена таңдалды
Фотт: ufc.com

Алматы қаласының Спорт басқармасы UFC турнирін ұйымдастыру мәселесін нақты түрде қарастырып жатыр. Тіпті бұл іс-шараға арналған алдын ала бюджет те әзірленген. Әкімдік пен Спорт басқармасының күн тәртібінде бұл мәселе бірнеше рет көтерілген, ал биыл Алматы билігінің турнирді қабылдауға деген қызығушылығы айтарлықтай жоғары болып отыр.

Алматы осы жылдың маусымында UFC Fight Night турнирін өткізген Баку қаласының тәжірибесінен шабыттануда. Алматы да дәл осы санаттағы – Fight Night деңгейіндегі турнирді өткізуді көздейді, себебі бірден нөмірлік (PPV) UFC турнирін қабылдау әзірге қиынға соғуы мүмкін.

Турнир өткізу туралы оң шешім қабылданған жағдайда, ықтимал негізгі алаң ретінде «Алматы Арена» қарастырылып отыр. Қала басшылығы UFC турнирі тек қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар елге көп турист әкелетін тартымды шара болатынына сенімді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта UFC-де Қазақстан атынан бес спортшы өнер көрсетеді: Алиби Идрис, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан, Шавкат Рахмонов және Дияр Нұрғожай.

Қазақстанда UFC турнирін өткізу идеясы алғаш рет бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. 2020 жылы турнир Астанада өтуі жоспарланғанымен, пандемияға байланысты жүзеге аспай қалған еді.