Түркістанда мұнай базасында өрт шықты
Түркістан қаласындағы мұнай базаларының бірінде өрт шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Саттарханов көшесінде орналасқан нысанда басталған. От жылдам тарап, оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жіберілді.
Министрлік өкілдері құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, толық сөндірілгенін хабарлады. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр. Мамандар оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде.