Кремация алдында әйел табыттың ішінде тіріліп кетті
Таиландта 65 жастағы әйел кремация басталар сәтте өз табытында тіріліп, есін жиып қалған. Храм қызметкерлері табыт ішінен шыққан дыбысты естіп, қақпағын ашқанда әйелдің қимылдап, көзін ашуға тырысып жатқанын көрген.
Марқұм деп ойланған әйелдің ағасының айтуынша, ол екі жыл бойы төсек тартып жатқан, ал бірнеше күн бұрын тіршілік белгілерін көрсетпей қойған. Ер адам оны Бангкокқа апарып, өз еркі бойынша органдарын донор ретінде беру тілегін орындамақ болған. Алайда өлім туралы анықтама болмағандықтан, аурухана денені қабылдаудан бас тартқан.
Оқиғадан кейін храм қызметкерлері дәрігерлерді шақырып, әйел дереу ауруханаға жеткізілді. Храмның настоятелі оның ем-домын өз есебінен төлейтінін мәлімдеді.