Аймақтар

Түркістан жаңа инвестциклге кірді: 432 млрд теңге тартылмақ

TITF–2025: Түркістандағы халықаралық форумда 432,2 млрд теңгенің 7 меморандумы бекітілді.

24 мың жұмыс орыны ашылмақ

Түркістанда өтіп жатқан TITF–2025 халықаралық инвестициялық форумында жалпы құны 432,2 млрд теңгеніқұрайтын жеті меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумға әлемдік ірі компаниялардың өкілдері мен отандық кәсіпкерлер қатысып, өңірдің өндірістік дамуына серпін беретін жаңа жобаларды бірлесе іске асыруға уағдаласты.

«Түркістан – жаңа инвестициялық цикл драйвері»

Іс-шара панельдік сессиямен жалғасты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірге инвестиция тарту мен кәсіпкерлікті дамытуға қолдау әрдайым жалғасатынын айтты.

«Бүгінгі форум — өндірістік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды іскерлік алаң. Облысты кешенді дамытуға, экспортты арттыруға және өнеркәсіпті өсіруге бірлесе жұмыс істеуге шақырамын», — деді өңір басшысы.

432,2 млрд теңгенің жеті жобасы

Форум аясында мына бағыттар бойынша меморандумдар бекітілді:

  1. 75,3 млрд теңгеге Қазақстан–Қытай индустриалды аймағын құру;
  2. джинс матасын өндіру;
  3. ілмек пен мата өндірісі;
  4. халықаралық текстиль орталығын ашу;
  5. алюкацинк қағаздарын өндіру;
  6. ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару жобасы;
  7. жарықтандыру жабдықтары мен күн панельдерін өндіру.

Жобалардың мақсаты — халықаралық әріптестікті күшейту және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру.

Инвестжобалар пулы: 111 жоба, 24 мыңға жуық жұмыс орны

2025–2028 жылдарға арналған инвестжобалар тізіміне 111 жоба енгізілген. Толық іске асқанда 23 915 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Биыл:

  • 58 инвестициялық жоба іске асуда;
  • 8 250 тұрақты жұмыс орны құрылмақ;

қазірдің өзінде 34 жоба пайдалануға беріліп, 4 889 адам жұмыспен қамтылды.

10 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 1 178,4 млрд теңге инвестиция тартылған.
2025 жылға белгіленген 475 млн АҚШ доллары көлеміндегі тікелей шетелдік инвестициялар жоспары II тоқсанда-ақ артығымен орындалған — көрсеткіш 543,5 млн доллар болды.

Халықаралық байланыстар күшейіп келеді

Жыл басынан бері 90-нан астам шетелдік компаниямен келіссөздер өтіп, Қытай, Иран және Өзбекстанға ресми сапарлар ұйымдастырылған. Нәтижесінде:

  • дәрумендер мен қоспалар өндірісі,
  • кеңселік қағаз,
  • сэндвич-панельдер және еден жабындары,
  • тамшылатып суару жүйелері,
  • балық жемі,
  • өсімдік майын өндіру
  • сияқты бірнеше жаңа өндіріс жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Форум өңірдің халықаралық әріптестігін нығайтып, өндіріс саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.