«Тарихи» су тасқыны Вьетнамды талқандады: 90 адам қаза тапты
Орталық Вьетнамда бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны, сел және лай көшкіні салдарынан қаза тапқандар саны 90 адамға дейін өсті. Бұл туралы VietnamNews мемлекеттік порталына сілтеме жасап newsroom.kz хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, тағы 12 адам жоғалып кеткендер қатарында. Ең көп зардап шеккен өңірлер — Даклак провинциясы (63 адам қаза тауып, 8 адам жоғалған) және Кханьхоа (14 адам қаза тапты, 2 адам із-түссіз).
Су тасқыны «тарихи апат» деп сипатталуда. Алдын ала есеп бойынша экономикалық шығын 343 миллион долларды құрайды, алайда бағалау жұмыстары әлі жалғасып жатқандықтан шығын көлемі артуы мүмкін.
Апат салдарынан 1154 тұрғын үй бүлінген немесе толық қираған. Даклак провинциясында ғана 50 мыңнан астам үй әлі күнге дейін толық немесе жартылай су астында тұр. Сонымен қатар 80 мың гектар егістік жойылып, тағы 117 мың гектарға дейінгі алқап суға малынған.
Транспорттық қатынас та қатты бұзылған:
- ұлттық №1 автожолдың жұмысы ішінара қалпына келтірілді;
- бірақ жергілікті жолдардың бір бөлігі су астында немесе оползеньдерге байланысты жабық;
- оңтүстік бағыттағы алты теміржол станциясы әлі жұмыс істемейді, сондықтан елдің орталығы мен оңтүстігі арасындағы теміржол қатынасын толық қалпына келтіру мүмкін болмай отыр.
Өзендердегі су мөлшері әлі де қалыпты деңгейден жоғары. Вьетнамдық синоптиктердің болжамынша, орталық аймақтарда нөсер жаңбыр 25 қарашаға дейін жалғасуы мүмкін.