Аймақтар

Түркістанда өндірісті медиада дұрыс көрсету жолдары талқыланды

Түркістан қаласында АО «НАК «Қазатомпром» тапсырысы және Аманат партиясының қолдауымен республикалық және өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған салалық семинар өтті. Қатысушылар уран өнеркәсібі мен тау-кен өндірісін медиада дұрыс әрі қауіпсіз жариялау әдістерімен танысты.

Семинар барысында журналистер 2024 жылы алтын эквивалентінде өндіріс көлемі 490 мың унция болғанын, ал 2025 жылға болжам 420 мың унция екенін білді. Бұл көрсеткіштерді БАҚ-та дұрыс түсіндіру мен жариялаудың маңызы ерекше екені айтылды.

Бағдарламада лекциялармен қатар практикалық сабақтар да қарастырылды: нақты медиа-қателерді талдау, пресс-релиз дайындау, сұхбат алу және инфографика әзірлеу. Қатысушылар өндірістік секторды медиада дұрыс көрсетуге арналған нақты құралдар мен тәжірибе жинады.

Семинар Түркістандағы «Karavan Saray» кешенінде өтті. Шараға қаланың әртүрлі өңірлерінен келген журналистер, редакторлар және PR-мамандар қатысты. Спикерлер қатарында Жадыра Базылхан, Айнұр Байғожа және Данияр Серіков болды.