weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Silk Way Star жеңімпазы анықталды

Халықаралық Silk Way Star вокалдық жобасының гранд-финалы аяқталып, көрермендер мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері жарияланды. Биыл дауыс беруге әлемнің 43 елінен 508 мыңнан астам көрермен қатысып, жоба рекордтық көрсеткішке жетті.

Silk Way Star жеңімпазы анықталды

Астанада Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық Silk Way Star вокалдық конкурсының гранд-финалы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Жоба – 12 елдің орындаушыларын біріктірген алғашқы ірі азиялық музыкалық мегажоба.

Брифингке «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған, Моңғолиядан келген жеңімпаз Мишель Жозеф, сондай-ақ Қытай, Корея, Малайзия және CMG өкілдері қатысты.

508 мыңнан астам дауыс – жобаның рекорды

Ұйымдастырушылар қазылар бағасы мен көрермендер дауыс беруінің нәтижелерін ұсынды. Биыл дауыс беруге әлемнің түрлі елдерінен 508 287 адам қатысқан, бұл аймақтағы вокалдық жобалар тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Финалистердің нәтижелері 50% – көрермен дауысы, 50% – қазылар алқасының бағасы бойынша есептелді.

Еркежан Күнтуғанның айтуынша, Silk Way Star Азия елдерінің мәдени алуан түрлілігін бір алаңға тоғыстырған жобаға айналды:

«Музыка елдер арасындағы өзара түсіністі тереңдететінін көрсеттік. Көрермендердің айрықша белсенділігі – өңірде халықаралық форматтарға деген қызығушылықтың жоғары екенін білдіреді», – деді ол.

Көрермендер дауыс беруінің нәтижесі

  • Мишель Жозеф (Моңғолия) – 112 241 дауыс
  • Мадинабону Адылова (Өзбекстан) – 85 443
  • Чжан Хэ Сюань (Қытай) – 73 662
  • Язмин Азиз (Малайзия) – 73 609
  • Саро Геворгян (Армения) – 73 160
  • Автандил Абесламидзе (Грузия) – 46 027
  • ALEM (Қазақстан) – 32 145

Дауыс беруге барлығы 43 елдің көрермендері қатысқан. Ең белсенді аудитория Қазақстан, Қытай, Моңғолия, АҚШ, Ресей, Түркия, Германия, Сингапур, Индонезия, Өзбекстан, Грузия және Малайзиядан болды.

Финалды 120 миллионға жуық адам көрді

Жобаның гранд-финалы Қазақстанда Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Моңғолия арналары параллель трансляция жүргізді. Жалпы әлем бойынша ТВ және стриминг платформаларында финалды шамамен 120 млн көрермен тамашалаған.