Автордың айтуынша, оқиға Астанада болған. Алайда ресми расталған ақпарат әлі жоқ.
Видео жұрт арасында үлкен талқылау туғызды — көптеген қолданушылар санитарлық жағдайға ашуланып, “осындай кадрлардан кейін адамдар қалайша мұндай көшедегі тамақтану орындарынан тағам алады?” деп сұрайды.
Санитарлық талаптар бойынша мамандардың ескертуінше, тағам сатып аларда мына нәрселерге назар аудару маңызды:
- орның жалпы тазалығы,
- қызметкерлердің сырт көрінісі,
- тағамның сақталу жағдайы,
- сатушыда рұқсат құжаттарының болуы.