Қазақстанның кей өңірінде күнбағыс майы 30%-ға қымбаттады
Қазақстанда күнбағыс майын өндіру көлемі соңғы бес жылда үздіксіз өсіп келеді. Биылғы қаңтар–қазан айларында 622 мың тонна өнім шығарылды — бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 22,4%-ға көп. 2024 жылы да өсім 18,5% болған еді.
Өндірістің басым бөлігі тазартылмаған күнбағыс майына тиесілі: 488,6 мың тонна (жылдық өсім — 24,5%). Ал тазартылған май көлемі 133,5 мың тонна болып, бір жылда 15,2%-ға артты.
Ішкі нарық және импорт
Қаңтар–тамыз айларында отандық өндірушілер ішкі сұраныстың 84,1%-ын жапты. Бұл өткен жылғы 87%-бен салыстырғанда аз.
Сәйкесінше, импорт көлемі 59,3%-ға өсіп, 98,8 мың тоннаға жеткен. Импорттың үлесі бір жылда 13%-дан 15,9%-ға көтерілді.
Экспорт та жоғары қарқын көрсетіп отыр: сегіз айда 47%-ға өсіп, 444,3 мың тонна болды.
Ал ішкі нарықтағы сату көлемі небәрі 1,6%-ға артып, 178,4 мың тоннаға жеткен.
Тұрғындардың тұтынуы
Қаңтар–маусым айларында әр қазақстандық орта есеппен 7 литр күнбағыс майын тұтынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға көп.
2024 жылы, керісінше, тұтыну 2,1%-ға азайған еді.
Бағаның өсуі 15 ай бойы тоқтаған жоқ
2025 жылдың қазан айында күнбағыс майы бір айда тағы 0,2%-ға қымбаттады.
Қыркүйекте өсім — 1,2%, ал 2024 жылдың қазанында — 2,4% болған. Осылайша, өнімнің бағасы 15 ай қатарынан өсіп келеді. Ең жоғары өсім биылғы қаңтарда тіркелген — 3,9%.
Жылдық өсім одан да айқын:
2024 жылы арзандаған өнім бұл жолы бір жылда 24,2%-ға қымбаттады.
Өңірлік статистика бойынша, баға барлық аймақта өскен. Ең жоғары қымбаттау:
Қарағанды облысы — 34,2%
Ақтөбе облысы — 33%
Ұлытау облысы — 33%
Ең төмен өсім:
Астана — 16,9%
Түркістан облысы — 18%
Ақмола облысы — 18,7%
Қай қалада қанша тұрады?
2025 жылдың қазанында күнбағыс майының орташа бөлшек бағасы — 847 теңге/литр.
Ең қымбат қалалар:
Жезқазған — 945 тг
Ақтау — 908 тг
Алматы — 903 тг
Астана — 901 тг
Қонаев — 900 тг
Ең арзан қалалар:
Түркістан — 769 тг
Шымкент — 773 тг
Көкшетау — 792 тг