weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның кей өңірінде күнбағыс майы 30%-ға қымбаттады

Қазақстанда күнбағыс майын өндіру көлемі соңғы бес жылда үздіксіз өсіп келеді. Биылғы қаңтар–қазан айларында 622 мың тонна өнім шығарылды — бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 22,4%-ға көп. 2024 жылы да өсім 18,5% болған еді.

Қазақстанның кей өңірінде күнбағыс майы 30%-ға  қымбаттады
Фото: kaz.tengrinews

Өндірістің басым бөлігі тазартылмаған күнбағыс майына тиесілі: 488,6 мың тонна (жылдық өсім — 24,5%). Ал тазартылған май көлемі 133,5 мың тонна болып, бір жылда 15,2%-ға артты.

Ішкі нарық және импорт

Қаңтар–тамыз айларында отандық өндірушілер ішкі сұраныстың 84,1%-ын жапты. Бұл өткен жылғы 87%-бен салыстырғанда аз.
Сәйкесінше, импорт көлемі 59,3%-ға өсіп, 98,8 мың тоннаға жеткен. Импорттың үлесі бір жылда 13%-дан 15,9%-ға көтерілді.

Экспорт та жоғары қарқын көрсетіп отыр: сегіз айда 47%-ға өсіп, 444,3 мың тонна болды.
Ал ішкі нарықтағы сату көлемі небәрі 1,6%-ға артып, 178,4 мың тоннаға жеткен.

Тұрғындардың тұтынуы

Қаңтар–маусым айларында әр қазақстандық орта есеппен 7 литр күнбағыс майын тұтынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға көп.
2024 жылы, керісінше, тұтыну 2,1%-ға азайған еді.

Бағаның өсуі 15 ай бойы тоқтаған жоқ

2025 жылдың қазан айында күнбағыс майы бір айда тағы 0,2%-ға қымбаттады.
Қыркүйекте өсім — 1,2%, ал 2024 жылдың қазанында — 2,4% болған. Осылайша, өнімнің бағасы 15 ай қатарынан өсіп келеді. Ең жоғары өсім биылғы қаңтарда тіркелген — 3,9%.

Жылдық өсім одан да айқын:
2024 жылы арзандаған өнім бұл жолы бір жылда 24,2%-ға қымбаттады.

Өңірлік статистика бойынша, баға барлық аймақта өскен. Ең жоғары қымбаттау:

Қарағанды облысы — 34,2%

Ақтөбе облысы — 33%

Ұлытау облысы — 33%

Ең төмен өсім:

Астана — 16,9%

Түркістан облысы — 18%

Ақмола облысы — 18,7%

Қай қалада қанша тұрады?

2025 жылдың қазанында күнбағыс майының орташа бөлшек бағасы — 847 теңге/литр.

Ең қымбат қалалар:

Жезқазған — 945 тг

Ақтау — 908 тг

Алматы — 903 тг

Астана — 901 тг

Қонаев — 900 тг

Ең арзан қалалар:

Түркістан — 769 тг

Шымкент — 773 тг

Көкшетау — 792 тг