GGG президент атанды: World Boxing федерациясында өзгерістер
Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды.
Головкин сайлауға жіберілген жалғыз кандидат болды. Барлық үміткерлер үш тәуелсіз сарапшыдан құралған тексеру комиссиясының верификациясынан өтуі тиіс еді. Сондай-ақ процесті спорттық арбитражбен айналысатын халықаралық Sport Resolutions ұйымы қадағалады.
Головкин жалғыз кандидат болғандықтан, World Boxing жарғысына сәйкес оның кандидатурасы Конгресс тарапынан дауыс берусіз-ақ бірауыздан мақұлданды.