24 қарашаға арналған ауа-райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 24 қараша, дүйсенбіге арналған дауылды ескертулер жариялады.
Абай облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, күндіз – жауын-шашын, ал өңірдің шығысы мен орталығында қатты жауын-шашын болжануда. Батысы мен солтүстігінде түнде және күндіз бұрқасын мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады; батыста, солтүстікте, орталықта екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында жауын-шашын, түнде шығыс пен орталықта – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін. Батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстік пен шығыста екпіні 23 м/с. Көкшетауда түнде және таңертең көктайғақ байқалады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман.
Алматы облысының орталығы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және оңтүстікте тұман болады. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте аздаған қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, солтүстік пен шығыста – қатты қар. Түнде солтүстікте бұрқасын, күндіз оған көктайғақ қосылады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады; солтүстік пен шығыста 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Өскеменде күндіз жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында 24-25 қарашада тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады. 25 қарашада оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Таразда 24-25 қараша күндері кей уақытта тұман түседі.
Жетісу облысының орталығы мен таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, Алакөл маңында екпіні 17-22 м/с. Талдықорғанда да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы мен Оралда – тұман.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында қар және жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын, тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні солтүстік пен шығыста 15-20 м/с. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, бұрқасын, кей уақытта тұман байқалады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде – тұман. Жел батыс, оңтүстік-батыстан; түнде шығыс пен оңтүстікте 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының орталығы, оңтүстігі және солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда қаласында – тұман.
Павлодар облысында қар мен жаңбыр, батыс, оңтүстік және шығыста бұрқасын, тұман және көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с, оңтүстікте екпіні 23 м/с. Павлодарда күндіз көктайғақ байқалады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде туман, түнде көктайғақ пен бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан, түнде 15-20 м/с, оңтүстікте екпіні 23 м/с. Петропавлда түнде жаңбыр мен қар, көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі.
Түркістан облысында 24–26 қарашада түнде және таңертең оңтүстік пен таулы аймақтарда тұман.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан; солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда да кей уақытта тұман күтіледі.
Астанада көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.