Денсаулық

Әлемде алғаш рет H5N5 құс тұмауынан адам қайтыс болды

АҚШ-тың Вашингтон штатында бұрын адамдар арасында тіркелмеген H5N5 құс тұмауы штаммын жұқтырған қарт азамат көз жұмды. Бұл – әлем бойынша аталған вирустың адам өліміне әкелген алғашқы жағдайы.

Марқұмның денсаулығында бұрыннан ауыр мәселелер болғаны хабарланды. Штаттың Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, оның үйінің ауласынан әртүрлі тұқымдағы үй құстарының шағын тобы табылған. Отбасы мүшелері туралы ақпарат жария етілмеді.

Соңғы бір жарым жылда АҚШ-та адамдар арасында тіркелген барлық жағдай H5N1 штамымен байланысты болған еді. Ал Вашингтондағы бұл оқиға – жануарларда ғана кездесіп келген H5N5 вирусының адамға алғаш рет жұғуы.

Денсаулық сақтау органдары қоғам үшін қауіп аз екенін мәлімдеді: марқұммен байланыста болған адамдардан инфекция анықталмаған, сондай-ақ вирусдың адамнан адамға жұғатынын дәлелдейтін дерек жоқ.