weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада Ұлы Дала даңғылының жаңа учаскесінде қозғалыс ашылды

Астанада Ұлы Дала даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада Ұлы Дала даңғылының жаңа учаскесінде қозғалыс ашылды

Енді көлік жүргізушілері жаңа жолмен қатынай алады.

Ұлы Дала жобасы аясындағы құрылыс-монтаж жұмысы әлі де жалғасып жатыр. Жоспарға сәйкес, жолдың бір жағында инженерлік желілер тартылып жатыр. Екінші жағында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін тротуар салу жұмыстары жүргізілуде. Аумақты абаттандырудың толық кешені 2026 жылы аяқталмақ.

Аталған учаскенің ашылуы ауданның көлік қозғалысын жақсартып, тұрғындардың жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.