Жаңалықтар

Тоқаев пен Пашинян келіссөзі күтпеген нәтижемен аяқталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян келіссөз қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Мемлекет басшыларының қатысуымен екі елдің ресми делегациялары үкіметаралық және ведомствоаралық бірнеше құжатпен алмасып, әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты.

Тараптар қол қойған құжаттар тізімі:

  • Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы құпия ақпаратты беру, пайдалану және қорғау жөніндегі келісім;
  • Екі елдің дипломатиялық өкілдіктері үшін жер телімдерін өзара бөлу туралы келісім;
  • 2026–2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы;
  • Өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум;
  • Жасанды интеллект және цифрландыру бағытындағы әріптестік туралы меморандум;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдері саудасын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан және Армения сыртқы істер министрліктерінің 2026–2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;
  • Денсаулық сақтау министрліктерінің 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары;
  • Қазақстан–Армения Іскерлік кеңесін құру туралы келісім;
  • Екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
  • Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Армения кино қоры арасындағы әріптестік туралы меморандум;
  • Ә.Қастеев атындағы өнер музейі мен Армения ұлттық галереясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы әріптестік туралы меморандум;
  • Ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Армения СІМ-нің Дипломатиялық мектебі арасындағы әріптестік туралы келісім.