Әлем

АҚШ Зеленскийге құпия жоспар ұсынды: Украина не шешім қабылдамақ?

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ тарапынан соғысқа нүкте қоюға бағытталған бейбіт келісім жобасын алғанын растады. Вашингтон бұл құжат «дипломатияны жандандыруы мүмкін» деп есептейді, деп забарлайды newsroom.kz.

Украина президенті офисінің хабарлауынша, Зеленский ұсынылған жоспардың тармақтарын АҚШ президенті Дональд Трамппен жеке талқылауды жоспарлап отыр.

Офис мәліметінде тараптар құжатты «соғысқа лайықты нүкте қоятындай» етіп пысықтауға келіскені айтылды.

«Украина Ресейдің басып кіруінің алғашқы секундтарынан бері бейбітшілікке ұмтылып келеді және біз оған жақындататын кез келген мазмұнды ұсынысты қолдаймыз. Биылдың басынан бері қантөгісті тоқтату үшін президент Трамптың ұсыныстарын қолдадық. Қазір де АҚШ пен Еуропадағы серіктестермен конструктивті жұмыс істеуге дайынбыз. Нәтиже — бейбітшілік болуы тиіс», — делінген хабарламада.

Зеленский алдағы уақытта құжаттың толық мазмұнын Трамппен талқыламақ.

Бұған дейін АҚШ пен Ресейдің Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған құпия жоспары туралы ақпарат тараған. Ол 28 тармақтан тұрады және төрт бағытты қамтиды:
— соғысты тоқтату,
— қауіпсіздік кепілдіктері,
— Еуропада тұрақтылықты күшейту,
— АҚШ-тың Ресей және Киевпен болашақ қарым-қатынасын реттеу.