Бішкектегі құпия келіссөз: кездесу соңында Тасмағамбетов марапат алды
Бішкекте ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Қырғызстан Президенті, Ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Садыр Жапаровтың кездесуі өтті.
Онда 27 қарашада Қырғызстан астанасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.
ҰҚШҰ Бас хатшысы сондай-ақ Қырғыз Республикасы төрағалығының Ұйым аясындағы басымдықтарының іске асырылу барысы туралы және биыл өткен ҰҚШҰ әскерлерінің (Ұжымдық күштердің) оқу-жаттығулары мен бірлескен операциялардың нәтижелері жөнінде ақпарат берді.
Қауіпсіздікті нығайту мен мемлекеттер арасындағы достастықты дамытуға қосқан еңбегі үшін Садыр Жапаров Иманғали Тасмағамбетовты Қырғыз Республикасының мемлекеттік наградасы – «Достық» орденімен марапаттады.