Жаңалықтар

Шымкентте жаңа жолайрыққа 9,4 млрд теңге бөлінбек

Шымкентте жаңа көлік жолайрығын салуға 9,4 млрд теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Бұл ақпарат мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланды.

Тапсырыс беруші – Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Жоба Байдібек би даңғылы мен Кіші айналма жолдың қиылысында автомобиль көпірі бар көлік жолайрығын салуды көздейді. Жұмыстардың жоспарлы құны – 9 434 909 820 теңге.

Конкурсқа қатысуға алдын ала өтінімдер 19–24 қараша аралығында қабылданады.