Sportroom

УЕФА Темірлан Анарбековке назар аударды

УЕФА баспасөз қызметі Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің Бельгияға қарсы матчтағы ойынына ерекше тоқталды.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының ресми Instagram-парақшасында 22 жастағы қазақстандық голкипердің 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Астана қаласында өткен матчтағы ең әсерлі сейвтері жинақталған видео жарияланды.

Посттың астына: «Үздік қақпашылық ойын болды ма?» деген жазба қалдырылған.

2026 жылғы ӘЧ іріктеуінің 10-турында Қазақстан құрамасы топтың көшбасшысы Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнап, сенсация жасады. Қазақстанның жалғыз голын Дастан Сатпаев соқты. Ал Анарбеков матч барысында сегіз сейв жасады және ұлттық құраманың сапында кездесудің үздік ойыншысы атанды.