АҚШ жасырын түрде «тапсырыспен бала жасау» технологиясын іске қосып жатыр ма?
WSJ жүргізген зерттеуге сәйкес, АҚШ-та және әлемде технологиялық миллиардерлер мен бірқатар стартаптар геномы өзгертілген алғашқы заңды (немесе жартылай заңды) балаларды жасауға тырысып жатқан жасырын қозғалыс бар.
Бұл бағытта көш бастап тұрған — OpenAI басшысы Сэм Альтман мен Coinbase негізін қалаушы Брайан Армстронг қолдаған Preventive компаниясы.
Preventive эмбриондардың генін редакциялап, «тұқым қуалайтын ауруларды жоюды» көздейміз дейді. Алайда іс жүзінде мақсат — болашақ баланы «қалағанындай баптау»:
— IQ деңгейін өзгерту,
— бойын реттеу,
— көз бен шаштың түсін таңдау,
— психикалық ауруларға шалдығу қаупін азайту және т.б.
АҚШ-та мұндай тәжірибеге заңмен тыйым салынған. Сондықтан компания осы жұмысты жүргізуге рұқсат бере алатын елдерді іздеп жүр. WSJ дерегінше, мұндай бағытқа мүмкіндік беретін мемлекет ретінде алғашқылардың бірі — БАӘ (ОАЭ).