Кімдердің банк шоттары бақылауда болады? Тізім жарияланды
Қазақстандағы банктер шоттағы ақша қозғалысы мен табыс туралы мәліметтерді салық органдарына беріп отырады. Бұған дейін Қаржы министрлігі жеке және заңды тұлғалардың шоттары мен операциялары туралы деректерді Қаржы мониторингі комитетіне ұсынудың жаңартылған нысандарын бекіткен еді.
Жаңа тәртіп бойынша мына санаттағы адамдардың банк шоттарындағы қаражат қозғалысы туралы ақпарат салық органдарына тұрақты түрде жолданып отырады:
- салықтық тексеруге тартылған заңды тұлға және оның филиалдары;
- табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндеттелген жеке тұлғалар;
- салықтық тексеруге іліккен жеке тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар;
- таратылу (қызметін тоқтату) кезеңіндегі ЖШС, жеке кәсіпкер немесе жеке практика иесі;
- Қазақстандағы банктер шоттағы ақша қозғалысы мен табыс туралы мәліметтерді салық органдарына беріп отырады. Бұған дейін Қаржы министрлігі жеке және заңды тұлғалардың шоттары мен операциялары туралы деректерді Қаржы мониторингі комитетіне ұсынудың жаңартылған нысандарын бекіткен еді., мәслихат депутаттары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттар және олардың жұбайлары;
- мемлекеттік лауазымға кандидаттар және олардың жұбайлары;
- өкілеттік мерзімі ішінде мемлекеттік лауазымды тұлғалар және олардың жұбайлары;
- шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар;
- негізгі қызметі құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;
- активтері, міндеттемелері, табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті барлық тұлғалар.
Құжаттағы нысандар ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №698 бұйрығымен бекітілген. Ережелер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.