weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Красноруцкий аса ірі қаржы жымқырғаны үшін қамалды

Мәскеудің Тверь аудандық соты Ресей жастар одағының экс-төрағасы Павел Красноруцкийді аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру ісі бойынша қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Красноруцкий аса ірі қаржы жымқырғаны үшін қамалды
Фото: ТАСС

Тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау белгіленді. Красноруцкийге РФ Қылмыстық кодексінің 160-бабы 4-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру) айып тағылып отыр.

Павел Красноруцкий Ресей жастар одағын 2012–2023 жылдары басқарған. Ол былтыр Ханты-Мансийск — Мәскеу бағытындағы ұшақ бортында мас күйінде жанжал шығарды деген ақпараттан кейін қызметінен кеткен. Алайда өзі бұл айыптауларды жоққа шығарып, ұшақта тек «көршісімен дауыстап сөйлескенін» айтқан.

Сонымен қатар Ресейде ірі көлемді жемқорлық істері бойынша өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылдануда. Бұған дейін Новгород облысының экс-ауыл шаруашылығы министрі Виктор Витвицкий миллиондаған пара алды деген күдікпен қамауға алынған. Тергеу дерегінше, ол 2020–2025 жылдары кәсіпкерлерден заңсыз сыйақы алып, субсидия мәселелерін шешуге көмектескен.

Ал Мәскеу қалалық соты Самара облысының бұрынғы вице-губернаторы Геннадий Гендинге қатысты 3,8 млн рубль жымқыру дерегі бойынша шыққан үкімді қылмыстың ескіру мерзімі өткеніне байланысты күшін жойған еді.