Дамыған елдерде жалғыз өмір сүретіндер көбейіп барады — The Economist
Көптеген дамыған мемлекеттерде отбасын құрмай, жалғыз өмір сүретін адамдардың үлесі өсіп келеді. Бұл туралы The Economist жазды, деп хабарлайды newsroom.kz.
2010 жылдан бері бай саналатын 30 елдің 26-сында жұпсыз өмір сүретіндер саны артқан. АҚШ-та соңғы 50 жылда 25–34 жас аралығындағы некесіз немесе серіксіз тұратындар үлесі екі есе көбейген: бүгінде бұл көрсеткіш ерлер арасында 50%-ға, әйелдер арасында 41%-ға жеткен.
Журналдың есептеуінше, соңғы сегіз жылда әлемде кемінде 100 миллионға жуық адам жалғыздар қатарына қосылған.
Зерттеу авторларының айтуынша, негізгі себептердің бірі — әйелдердің серіктеске қоятын талаптарының өзгеруі. Білім деңгейінің өсуі, қаржылық дербестік пен жоғары күтілімдер «келісімге келу» негізіндегі қатынастарды тартымдылығын төмендетіп отыр.
Сонымен қатар көптеген елдерде ерлердің білім деңгейі әйелдерден қалып қойып, бұл арадағы алшақтық жұптардың динамикасына әсер етуде.