Астанада жоғалған 20 жастағы студент өлі күйінде табылды
Астанада 20 жастағы жоғалған студенттің мәйіті табылды. Бұл ақпаратты еріктілердің QANAT қозғалысы Instagram парақшасында жариялады.
Темірхан Темірлан Әділханов (2005 жылы туған) 11 қараша күні жоғалған. Шамамен сағат 15:00-де ол Жұмабаев даңғылы, 4-үй мекенжайында орналасқан Еуразия гуманитарлық институтынан шыққаннан кейін байланысқа шықпай кеткен.
Іздеуге негіз болған белгілері: бойы – 175 см, көзі — қоңыр. Сол жақ бетінде және ерін үстінде меңдері бар.
Жоғалған күні үстінде: сүт түстес куртка, қара бас киім, қара джинсы және қара аяқ киім болған. Сонымен қатар оның қасында қошқыл сұр түсті шағын рюкзагы және жеке куәлігі болған.
Еріктілердің мәліметінше, студентті елорда аумағынан 14 қараша, жұма күні кешке өлі күйінде тапқан.