Аймақтар

Digital Fest Almaty: Панфилов көшесінде болашақ технологиялары мен роботтар әлемі

Панфилов көшесі қала күніне орай нағыз болашақ зертханасына айналады. Digital Fest Almaty ауқымды фестивалі қонақтарға ондаған цифрлық аймақтар мен инсталляциялар ұсынып, басты назарды роботтар әлеміне бағыттайды.

Келушілерді портретті бір сәтте салып беретін робот-суретші, мерекенің әр сәтін түсіретін робот-фотограф және робот-оператор қарсы алады. Бұл цифрлық кейіпкерлер бүкіл кеңістікті жандандырып, көшені технология мен мәдениет тоғысқан ерекше интерактивті алаңға айналдырады.

Роботтардан бөлек, қонақтарды дрондар мен заманауи шешімдер ұсынылатын «Болашақ сферасы», Алматының символына айналған цифрлық алма, VR-тәжірибелер және ерекше фотозоналар күтеді.

Digital Fest Almaty – балалармен уақыт өткізіп, оларды технологиялар әлемімен таныстыруға таптырмас орын. Мұнда интерактивті ойындар, жаңашыл жобалар және жарқын концерттік бағдарламалар біріккен мерекелік атмосфера болады. Фестиваль қонақтарына инновациялар ғана емес, көңіл көтеретін шоу да ұсынылады.