Қаржы

Қазақстанда 2026 жылғы жаңа зейнетақы халықты дүрліктірді

Қазақстан Үкіметі 2026 жылдан бастап әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін 10%-ға ұлғайту туралы шешім қабылдады. Алайда ең төменгі жалақыны мүлде көтермеуі қоғамда үлкен сұрақ туғызды. Депутаттардың «85 мыңды 110 мыңға өсіру» ұсынысы қабылданбай, МЗП сол күйінде қалды,- деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі digitalbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Депутаттардың «85 мыңды 110 мыңға өсіру» ұсынысы қабылданбай, МЗП сол күйінде қалды. Сарапшылар мұны бюджетке түсетін ауыртпалық пен бизнеске болатын қосымша шығыннан қашу әрекеті деп болжайды.

Ал базалық зейнетақы 35 596 теңгеге, ең төменгі зейнетақы 69 049 теңгеге өседі. Күнкөріс минимумы 50 851 теңге болып бекітілді, ал МРП 2026 жылы 4325 теңге болады.

Бұл өзгерістер барлық айыппұлдар мен мемлекеттік төлемдерге тікелей әсер етеді. Зейнетақы өсімі жасына байланысты және еңбек өтілі бар барлық зейнеткерлерге қолданылады. Үкіметтің шешімі қоғамда қызу талқыға түсіп, «неге ең маңызды көрсеткіш — ең төменгі жалақы өзгеріссіз қалды?» деген сауалдарды күшейтті.