weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 10:35 / Арайна Арайқызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп ядролық сынақ өткізеді: Шенеуніктер шу шығаруда

АҚШ-тың ядролық арсеналына жауапты бірқатар жоғары деңгейдегі шенеуніктер алдағы күндері Ақ үй өкілдерімен кездесіп, ядролық қаруды жарылыспен сынауды қайта бастау идеясынан бас тартуға көндірмек. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі «Европейская правда» дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Трамп ядролық сынақ өткізеді: Шенеуніктер шу шығаруда

CNN таратқан ақпаратқа қарағанда, алдағы кездесуге энергетика министрі Крис Райт пен Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының (NNSA) жетекшісі Брендон Уильямс қатысады. NNSA — АҚШ энергетика министрлігіне қарасты, елдің ядролық қаруын әзірлеу, сынау және сақтау міндетін атқаратын федералдық құрылым.

Шенеуніктердің негізгі мақсаты — Ақ үйге жарылғыш ядролық материалдарды қолданатын сынақтардан бас тартуды ұсыну. Оның орнына олар жарылысты қажет етпейтін, техникалық тұрғыда қауіпсіздеу балама жоспарды қарастыруды ұсынып отыр.

Дегенмен, материалда атап өтілгендей, егер Дональд Трамп федералдық сарапшылардың пікіріне келіспесе, ядролық сынақ өткізу туралы бұйрықты өзі жеке бере алады.

Бұған дейін АҚШ президенті ядролық сынақтарды жедел түрде бастауға пәрмен бергені хабарланған. Энергетика министрі Крис Райттың айтуынша, қазіргі жоспарға сәйкес сынақтарда ядролық жарылыс жасалмайды.

АҚШ-та соңғы толыққанды ядролық сынақ 1992 жылы өткізілген. Ел 1996 жылғы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қойғанымен, оны әлі күнге дейін ратификацияламаған. Осы уақыт ішінде Вашингтон Невада полигонында тек субкритикалық — жарылыссыз жер асты сынақтарын жүргізіп келген.