Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұл фактіге қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет — заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.
#заңментәртіп