Жаңалықтар

«Бәйтеректен» амур жолбарыстарына дейін: Тоқаев пен Путин келіссөздері немен аяқталды

Мәскеуде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин екі ел арасындағы қатынастарды жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтеру туралы Декларацияға қол қойды.

Келіссөз барысында мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресей арасындағы 13 үкіметаралық және ведомствоаралық құжат қабылданды. Олар екіжақты ынтымақтастықтың түрлі салаларын қамтиды:

  • 2026–2030 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасы;
  • Теміржол көлігімен транзиттік тасымал және жүктерді үшінші елдерге жеткізу жөніндегі келісім;
  • Көлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • «Союз-5» және «Бәйтерек» зымыран кешендерін сынау жөніндегі мемлекетаралық комиссия құру туралы келісім;

 

  • Ресей Федерациясының Ақтаудағы Бас консулдығын ашу туралы үкіметаралық келісім;
  • Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі өзара іс-қимыл туралы меморандум;

  • Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жалпы білім беретін ұйымдарын құру туралы меморандум;
  • Амур жолбарыстарын Қазақстанға әкелу және бейімдеу жөніндегі іс-қимыл жоспары;
  • Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану кезінде ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

  • Шекарадағы автокөлік өткізу пункттерін дамыту жөніндегі жоспар;
  • «Қазақстан темір жолы» мен «Ресей темір жолы» арасындағы түйісу бекеттерін дамыту туралы келісім;
  • «Қазпошта» мен «Ресей поштасы» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Келісімдердің ауқымы екі ел арасындағы экономикалық, технологиялық және гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталғанын көрсетеді.