Жаңалықтар

Мекенжайсыз бизнеске тыйым: компаниялар нақты жерін көрсетуге міндеттеледі

Қазақстанда заңды тұлғаларды жалған мекенжай бойынша тіркеу тәжірибесіне нүкте қойылмақ. Әділет министрлігі бизнес тіркеу ережелеріне түзетулер әзірлеп, бұл бағыттағы заң бұзушылықтарды жоюды көздеп отыр.

Жаңа талаптар бойынша, енді жылжымайтын мүлік иесінің келісімінсіз компанияны тіркеуге жол берілмейді. Сондай-ақ қаржылық мониторинг субъектілері өз клиенттерін — яғни тіркелушілер мен олардың өкілдерін — мұқият тексеруге міндетті болады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар көлеңкелі кәсіпкерлік пен заңсыз компаниялардың жұмыс істеуіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Жобаның ашық талқылауы 2025 жылғы 15 қарашаға дейін жалғасады.