Жыл сайынғы қателік: көлік иелері нені ұмытып кетеді?
Қыс жақындаған сайын автосервиске ағылған жүргізушілердің саны арта түседі. Бірақ көлікті қысқа дайындау кезінде көпшілігі бірқатар маңызды бөлшектерді ескерусіз қалдырады. Ал бұл болмашы ұмытшақтық қыстың қақаған аязында қымбатқа түсуі мүмкін.
Қазақстанда көлік жүргізушілері қысқа дайындықты бастап кетті. OLX Қазақстан аналитикалық тобының мәліметінше, сервистерде кезек көбеймей тұрғанда көлікті ерте дайындап алған тиімді. Себебі, аяз түскен соң бағалар да, кезектер де өседі.
Мамандар ең алдымен көліктің бес негізгі бөлігіне назар аударуға кеңес береді.
🛞 1. Дөңгелектер
Қысқы шиналар – қауіпсіз жүргізудің басты кепілі.
Қазан айында жаңа қысқы шиналардың орташа бағасы 85 мың теңге, ал қолданыста болғандары – 60 мың теңге шамасында. Баға ай сайын 10% өсіп келеді, сондықтан шинаны алдын ала ауыстырған жөн.
Сонымен қатар, қысым мен протектор тереңдігін тексеріңіз – рұқсат етілген ең аз тереңдік 4 мм.
🔋 2. Аккумулятор
Қыста істен шығатын бірінші бөлшек – аккумулятор. Орташа бағасы 27 800 теңге.
−20°C аязда қуатының 30%-на дейін жоғалтады, сондықтан алдын ала жүктеме тестін өткізу маңызды.
Жаңа аккумулятор сатып алу эвакуатор шақырғаннан әлдеқайда арзан.
🧊 3. Антифриз
Антифриздің бағасы 4 500–5 000 теңге аралығында.
Сервиске барып, жүйені шаю мен ауыстыру жұмысы қосылғанда шамамен 10 000 теңгеге түседі.
Сұйықтықтың сапасы кем дегенде −30°C суыққа төтеп беруі керек.
🛠️ 4. Тежегіш жүйесі және диагностика
Жүргізушілер автодиагностикаға көбірек жүгінуде — сұраныс 10% артқан.
Маусым алдындағы тексеру кезінде тежегіштермен қатар жанармай және вакуум шлангтарын, сондай-ақ аспаның күйін де қарау қажет.
🔥 5. Пеш пен жылытқыш
Салон жылытқышының орташа бағасы 23 900 теңге, ал қолданыста болғандары – 14 600 теңге.
Қыстың қақ ортасында жылу жүйесі бұзылса, жөндеуге сұраныс күрт артады, сондықтан алдын ала тазалау мен тексеру маңызды.
💧 6. Әйнек сүрткіштер мен ұсақ-түйектер
Жаңа әйнек сүрткіштердің орташа бағасы – 5 000 теңге.
Қысқы көріністі жақсарту үшін сапалы щеткалар, тежегіш сұйықтығы мен шамдардың жағдайын да бақылаңыз.
💰 Қыстық дайындықтың жалпы құны
2025 жылдың қазан айындағы есеп бойынша көлікті қысқа толық дайындау шамамен 150–160 мың теңге тұрады.
Орташа баға:
Қысқы шиналар — 76 000 тг
Аккумуляторды тексеру/ауыстыру — 26 000 тг
Антифризді алмастыру — 9 000 тг
Пеш немесе жылытқышты жөндеу — 20 000 тг
Әйнек сүрткіштер — 5 000 тг
Диагностика — 10–12 000 тг
Қорыта айтқанда, көлігіңізді қыста «оятып» емес, дайындап қарсы алыңыз. Бұл – тек қауіпсіздік пен жайлылықтың емес, уақытыңыз бен жүйкеңіздің де үнемі.