Пара алған тағы бір полицей жол үстінде ұсталды
Ол жүргізушіден 200 мың теңге пара сұрап алған.
Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Созақ аудандық криминалдық полиция бөлімінің 38 жастағы жедел уәкілін ұстады.
Заңды қорғауы тиіс полицей "ақша бәрінен маңызды" деген сияқты. Ол жергілікті тұрғыннан тіркелмеген аңшы мылтығы үшін жауапкершілікке тартпайтынын айтып, 200 мың теңге пара алған.
Бірақ оңай олжаның қызығын ұзақ көре алмады: тінту кезінде оның қалтасынан 190 мың теңге табылды. Қалғанын жаратып үлгерген сияқты. Қалтасын тексеруді сұрағанда қашпақ болған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Ақтөбе қаласында да жүргізуші әйел 100 мың теңге пара сұрағаны үшін жол полициясын ұстап бергенін хабарлағанбыз.