Жаңалықтар

Сарыағашта ер адам энергетик ішіп есінен танып қалған

Сарыағаш қаласында энергетикалық сусын ішкен ер адам көшеде есінен танып қалды. 

Оған алғаш болып полиция қызметкерлері көмек көрсеткен, деп хабарлайды newsroom.kz Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Патрульдік инспекторлар Уәлиев пен Байдуллаев жол жиегінде ес-түссіз жатқан ер адамды байқап, дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда оның жағдайы күрт нашарлаған соң, полицейлер науқасты өз көліктерімен ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның есінен тануына энергетикалық сусын ішкеннен кейінгі денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.