Көктайғақ, дауыл: бүгінгі ауа-райы қолайсыз. «Қазгидромет» ескерту жариялады
«Қазгидромет» 10 қарашаға арналған ауа райымен қоса дауылды ескерту жариялады.
Ақмола, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, ШҚО, Абай облыстарында қар жауып, боран соғады. Көктайғақ болады.
Астана, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскеменде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20, кей жерлерде 23–28 м/с дейін болады.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау өңірінде тұман күтіледі.
ШҚО, Абай, Ұлытау, Павлодар, Жетісу, Жамбыл облыстарында екпіні 28 м/с дейін жел соғады.